Нысана көздеп ату: Қазақстан әлем кубогынан 2 алтын жеңіп алды

Не болды?

Мысырдың Кайр қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында Әлем кубогы сайысы өтіп жатыр. Қазақстан спортшылары осы жарыста екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

25 метрден тапаншамен атуда Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Отандасымыз финалда Үндістан спортшыларын басып озып, 581 ұпай алды.

50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды. Оның еншісінде 616.3 ұпай болды.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне қарағанда, Әлем кубогы сайысы 27 сәуірге дейін жалғасады.

Анықтама

Мысырдағы әлем кубогына 25 мемлекеттен 300-ге жуық мерген барған. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екі алтынмен бірінші орында тұр. Одан кейін Үндістан (бір алтын, үш күміс, екі қола) мен Франция келе жатыр (бір алтын, бір қола).

Контекст

Естеріңізге салайық, FIFA 2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтетін футболдан Әлем чемпионатының соңғы билеттерін сата бастады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да