Енді жол ережесін қайта бұзған жүргізушілер 15 тәулікке қамалады

Не болды?

Бұған дейін жол ережесін бұзғандарға тек Әкімшілік кодекс баптарымен айыппұл салынатын. Енді жол ережесін қайта бұзған жүргізушілер 15 тәулікке қамалуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана қаласының прокуратурасы көлікті қауіпті жүргізетін жүргізушілерге жазаны қатаңдатты. Бұрын жол ережесін бұзғандарға тек айыппұл салынатын. Алайда полицияның мәлімдеуінше, кейбір жүргізушілер айыппұл төлегеніне мән бермей, заңды бірнеше мәрте бұзады. Олар ереже бұзуды әдетке айналдырған.

Енді жолда жылдамдықты асыратындар тек айыппұлмен құтылмайды. Ондай жүргізушілер ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша айыпталып, 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

Бұл шараны кімдерге қолданады?

  • Бұл шара жол ережесін бірнеше мәрте әрі әдейі бұзғандарға;
  • өзгелердің өміріне қауіп төндіргендерге;
  • жол ережесін бұзғанын әлеуметтік желіге салып, мақтан ететіндерге қолданылады.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді жүк көлігінің жүргізушілері қағаз жол парағы мен жүк құжаттарын электрон нұсқада рәсімдейді.