Үздік әскери қызметшілерге ҰБТ-сыз гранттар берілді

Астанада әскери қызметін аяқтап, запасқа шыққан сарбаздарға жоғары оқу орындарында тегін білім алуға арналған гранттар табысталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бағдарлама аясында үздік сарбаздар ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар оларға жатақханадан орын беріліп, шәкіртақы төленеді.

Министрлік мәліметінше, 2023–2025 жылдар аралығында жүйеде 180 мыңнан астам әскери қызметші тіркелген. Ал «Көктем–2025» шақыру науқаны барысында 18 мыңнан астам сарбаз білім гранттарын иеленген.

Әскери қызметшілер
Фото: ҚР қорғаныс министрлігі

Білім гранттарын бөлу келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылған:

  • Қорғаныс министрлігі – 492 орын
  • Ұлттық ұлан – 493 орын
  • ҰҚК шекара қызметі – 112 орын
  • Төтенше жағдайлар министрлігі – 28 орын
  • Мемлекеттік күзет қызметі – 29 орын

Айта кетейік, Қазақстан қарулы күштеріне жаңа талап енді. Енді әр сарбаз әскери қызмет кезеңінде кемі бес кітап оқуға тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да