Не болды?
Енді жүк көлігінің жүргізушілері қағаз жол парағы мен жүк құжаттарын электрон нұсқада рәсімдейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Көлік министрлігінің дерегінше, 2026 жылғы 1 маусымнан бастап жол парағы мен жүк құжаттарын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ немесе ЕСУТД) енгізу қажет. Салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көлігін басқаратын жүргізушілер осы талапты сақтауға тиіс.
Бұл ереже инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №546 бұйрығына 2020 жылы енгізілген. Алайда жүйені жетілдіру мақсатында электронды тіркеу міндеттелмеді, — делінген хабарламада.
Құжатты рәсімдемеген немесе жалған құжат тіркегендерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңнын 571-бабы 1-1-тармағы бойынша, әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда 18 жүк көлігін заңсыз тіркеген арнайы ХҚКО-ның бес қызметкерлері сотталған еді.
