Алматыдағы театрға Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Енді мәдениет ошағы «Асанәлі Әшімов театры» деп аталады.

Асанәлі Әшімовтің өнер жолы, театр мен кино саласына қосқан зор үлесі, сонымен қатар ұстаздық қызметі ұлттық мәдениеттің алтын қорына енген. Театр дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, көрерменге сапалы әрі мазмұнды қойылымдар ұсынатын жаңа белеске қадам басады, — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ақпарат. Qazaqstan TV (@qazaqstan_aqparat)


Еске салайық, Асанәлі Әшімов 2025 жылғы 21 желтоқсанда 88 жасында өмірден өтті. Қазақстанның еңбек ері, КСРО халық әртісі атанған сахна саңлағы ұлттық театр мен кино өнерінің дамуына орасан үлес қосты.

1937 жылғы 8 мамырында Жамбыл облысында дүниеге келген өнер иесі шығармашылық жолын М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахнасында бастаған. Ол тек актер ретінде ғана емес, режиссер, сценарист әрі білікті ұстаз ретінде де ел жадында қалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да