Енді сарбаз әскерде кемі 5 кітап оқуға тиіс

Не болды?

Қазақстан Қарулы күштеріне жаңа талап енді. Енді әр сарбаз әскери қызмет кезеңінде кемі бес кітап оқуға тиіс. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бұл — жеке құрамның дамуына және Ұлттық кітап күні қарсаңында оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара.

Қазақстан әскери бөлім мен мекемелерде 322 кітапхана бар. Олардың қорында 52 434 көркем әдебиет және 198 293 оқулық кітап бар. Жыл басынан бері сарбаздар кітапханадан 48 837 кітап алып оқыған.

Кітапханамызда отандық авторлардың, әскери жазушы мен әскери ғалымдардың көптеген еңбегі бар. Кітапхананың өзі 2020 жылғы желтоқсан айында ашылды. Қорда 7000-нан астам кітап бар, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-ғылыми кітапханасының меңгерушісі Оксана Әлжанова.

Министрлік баспасөз қызметінің жазуына қарағанда, міндетті оқу нормасын енгізу — білім беру жұмысының бір бөлігі.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні атап өтіліп жатыр.