Актер Асанәлі Әшімұлы дүниеден өтті

Не болды?

Бүгін театр және кино актеры Асанәлі Әшімұлы дүниеден өтті. Бұл туралы «Алматы әуендері» КМҚК хабарлап отыр.

Мәлімет

Бұл — бір адамның ғана емес, тұтас бір дәуірдің қоштасуы. Асанәлі Әшімұлы — қазақ өнерінің биігін әлемге танытқан, сахна мен экранда ұлттық рухты асқақтата білген тұлға еді. Оның әр рөлі — тарих, әр бейнесі — тағдыр, әр сөзі — мектеп болды. Ол өнерге адалдықтың, сахнаға тазалықпен қызмет етудің, ұлт рухын қорғаудың үлгісін көрсетті. Оның еңбегімен қазақ театры мен киносы жаңа белеске көтерілді, — деп жазды басылым.

Анықтама

Асанәлі Әшімұлы — 1937 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Ол қазақ сахнасының абызы, кино және театр әртісі, режиссер.

КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек ері, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да