Футболдан ӘЧ-2026: қосымша билеттер сатыла бастады

Не болды?

FIFA 2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтетін футболдан Әлем чемпионатының соңғы билеттерін сата бастады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Reuters ақпаратына қарағанда, Әлем чемпионатының басталуына 50 күн қалды. Енді жанкүйерлер турнирдің барлық 104 матчына билет ала алады.

Бес миллионнан астамы сатылды

Жоспарланған алты миллион билеттің бес миллионнан астамы сатылған. Қазір бірінші, екінші және үшінші санаттағы орын мен алаң жиегіне жақын орналасқан арнайы орындар сатылып жатыр.

Билет құны қанша?

Биыл футболдан әлем чемпионатына арналған билет бағасы сынға ұшырады. АҚШ билігі бағаның сұранысқа қарай өзгеруі қарапайым жанкүйер үшін қымбатқа түсетінін айтты. Алайда ФИФА бағаны өздері реттейтінін мәлімдеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, ФИФА-ға футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты билетін алуға рекордтық 500 миллионнан астам өтінім түсті.

Қазақстан ұлттық банкі FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.