Қазақстанда айналымға FIFA WORLD CUP 2026 монеталары шығады

Не болды?

Қазақстан ұлттық банкі FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық банк ақпаратына қарағанда, коллекциялық монетаны жасап шығаруға немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматикалық компаниясы серіктес болды. Бұл компанияның 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталарды шығаруға FIFA берген ресми лицензиясы бар.

Бейнесі қандай?

Монеталарда Канада, АҚШ және Мексика жалауы, жер шары мен FIFA WORLD CUP 26 TM деген жазу, FIFA Әлем кубогы және футбол добының жанындағы футболшылар бейнесі бейнеленген.

Неден жасалады?

Монета 925 сынамалы күмістен жасалады. Монетаға түрлі түсті баспа технологиясы қолданылғып, алтын жалатылады. Салмағы – 20 г, диаметрі – 37 мм, дайындалу сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге. Таралымы – 2000 дана (Қазақстан ішінде 1500 дана, сыртқы нарыққа 500 дана).

Бұл монеталар Қазақстанда белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Барлық банкте банк шотына есепке алынады. Оны аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Ақпарат

FIFA WORLD CUP 2026 – алғаш рет үш елде қатар өтетін, футбол тарихындағы ХХІІІ чемпионат. Ақтық ойындарға қатысатын ұлттық құрамалардың саны да биыл алғаш рет 48-ге дейін ұлғайтылып отыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, ФИФА-ға футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты билетін алуға 500 миллионнан астам рекордтық өтінім түскен. 

2026 жылғы 26 қаңтар күні әлемдік тур аясында әлем чемпионатының кубогы Алматыға келген еді. Оны көпшілікке италиандық футболшы, әлем чемпионы Марко Матерацци таныстырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да