Не болды?
ФИФА-ға футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты билетін алуға 500 миллионнан астам өтінім түсті. Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлап отыр.
Мәлімет
Халықаралық футбол федерациясы 104 матчтың әрқайсына арнап жеребе тастайды. Жеребе арқылы таңдалған командаларға билет 5 ақпаннан кейін беріледі. Сұранысы өте көп матчтар мыналар:
- Колумбия – Португалия,
- Мексика – Оңтүстік Корея,
- Әлем чемпионатының финалы,
- Мексика – ОАР (ашылу матчы).
ФИФА билетке сұраныс көп болғасын құнын да көтеріп отыр. Жанкүйерлердің айтуына қарағанда, билет бағасы өте қымбат. Топтық кезеңнен бастап финалға дейінгі билет құны алдыңғы ӘЧ-мен салыстырғанда бірнеше есе көп.
Сарапшылардың пікіріне қарағанда, ең танымал матч билетінің бағасы ақпан айында тағы қымбаттауы мүмкін. Себебі дәл сол кезде жанкүйерге өтінім жауабы келеді. Ал өтінімі қабылданбаған миллиондаған адам билетті алыпсатардан алуы ықтимал.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2026 жылғы қаңтар айында Алматы Coca-Cola мен FIFA бірлесіп ұйымдастыратын ғаламдық тур аясында әлемнің бас футбол трофейін қабылдайды.
