Қазақстандағы АЭС құрылысын Ресей қаржыландырады

Не болды?

Еліміздегі АЭС құрылысына қажет қаржының 85%-ын Ресей несие түрінде беретін болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуына қарағанда, жобада мемлекетаралық несие беру тетігі бар. Қазір Ресей мен Қазақстан арасындағы қажет құжаттар дайындалып жатыр. Құрылысқа қажет қалған 15 пайызды Қазақстан үкіметі өзі қаржыландырады.

«Росатом» компаниясы қатысатын жобаның құны шамамен, 15 миллиард доллар болады. Құрылыс 11 жылға созылады. Станцияны 2035–2036 жылдары іске қосу жоспарланып отыр.

Контекст

Естеріңізге салаық, Қазақстандағы екінші атом электр станциясының атауы белгілі болды.