Не болды?
Қазақстандағы екінші атом электр станциясының атауы белгілі болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуына қарағанда, АЭС екі энергоблоктан тұрады. Әрқайсысының қуаты 1200 МВт. Оған «Мойынқұм» деген атау берілді.
Оны бірінші АЭС жанына, Балқаш көлінің маңына салу жоспарланып отыр. Алайда, одан бөлек тағы екі орын қарастырылып жатыр. Нақты қай жерде салынатыны кейін хабарланады, — деді Алмасадам Сәтқалиев журналистерге берген сұхбатында.
Контекст
Естеріңізге салайық, елімізде салынатын АЭС мамандары Мәскеу инженерлік-физика институтының Алматыдағы филиалында білім алады.
