Не болды?
Жәнібек Әлімханұлы WBO берген уақытша шеттету шешіміне қарсылық білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
WBO хабарлауына қарағанда, Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы қазіргі шеттету мерзімін қысқартуды немесе толық алып тастауды сұрады.
Қазір апелляция қаралып жатыр. Олар ұйым шешімне келіспесе, шағымдануға және қарсы шығуға заңды түрде толық құқығы бар, — деді WBO президенті Густаво Оливери Boxeo Urbano Network арнасына берген сұхбатында.
Анықтама
Жәнібек Әлімханұлы — қазақ боксшы. 2025 жыл соңында оның анализінен допиң табылған еді. Спортшы бұл үшін 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін спорттан шеттетілген.
Контекст
Естеріңізге салайық, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 10 наурызда міндетті титулдық жекпе-жекті өткізе алмағасын, IBF одан чемпиондық белбеуді алып қойған еді. Сәуір айының басында орта салмақтағы бірінші нөмір мәртебесінен айырылды. Алайда WBO оның орта салмақтағы чемпион мәртебесін сақтап қалды.
