Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ертең, 21 сәуір күні Алматыда жерленеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақынмен қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында өтеді. Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері мен ақын шығармашылығын қадір тұтатын азаматтар қатыса алады, — деді журналист Бигелді Ғабдуллин.
Қоштасу рәсімінен кейін, сағат 11:30-да жерлеу рәсімі өтеді. Марқұм «Кеңсай-2″ зираты аумағына жерленеді.
Еске салайық, ақынның жары Ханшайым Шаханова мемлекет басшысына хат жолдап, Мұхтар Шахановтың ақырғы аманатын жазған еді.
