Қазақстан теннистен әлемдегі ең үздік 7 құраманың қатарына енді

Теннистен әйелдер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған әлемдік рейтиңі жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ҚТФ мәліметінше, Астанадағы айтулы жеңісінің арқасында Қазақстан құрамасы өз көрсеткішін жақсартып, тоғызыншы сатыдан жетінші орынға көтерілді.

Рейтиңдегі мұндай нәтижеге іріктеу кезеңінде 2023 жылғы әлем чемпиондары – Канада құрамасын жеңуі себеп болды. Астанада өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс қазақ теннисшілерге 2026 жылғы күзде Шэньчжэньде (Қытай) өтетін Билли Жин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.

теннис
Фото: ҚТФ

Әлемдік рейтиңде Италия көш бастап тұр. Сонымен қатар үздік үштікке Ұлыбритания мен Украина енді. Жаңартылған тізімде Қазақстан Канаданы артқа тастап, Испания, Чехия және АҚШ бастаған алдыңғы қатарлы топқа жақындады.