Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

ІІМ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамзаны ұстады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігі интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған блогер Қ.-ны ұстады, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Заңсыз әрекеттерінің салдарынан күдікті 100 миллион теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Шетелге жасырыну әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, іздеуде жүрген әрбір адам ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі, — деп хабарлады ІІМ.

Еске салайық, бұған дейін миллион аудиториясы бар қазақстандық блогерге іздеу жарияланғаны хабарланған едік.