Не болды?
13 сәуірге қараған түні Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қостанай облысы полициясының дерегіне қарағанда, Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолында жол апаты болып, төрт адам көз жұмды.
Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан ВАЗ «2107» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан, — деді Әулиекөл ауданы полиция бастығының орынбасары Ғабит Байжанов.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апатына күдікті деп танылған Zeekr жүргізушісі қамауға алынды.
