SCAT Ақтау – Ереван бағыты бойынша тікелей рейстер ашады

SCAT Airlines әуе компаниясы Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстерді іске қосады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Компания мәліметінше, рейстер 18 сәуірден бастап аптасына екі рет орындалады.

Жаңа бағыт Қазақстан мен Армения арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп, жолаушылар үшін сапарды анағұрлым ыңғайлы етеді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін SCAT Airlines 2 маусымнан бастап АстанаҰланбатыр – Астана бағыты бойынша жаңа рейс ашылатынын мәлімдеген болатын. Бұл рейстер де аптасына екі рет орындалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да