Алматыдағы ағаштар түнгі уақытта дәріленеді

Алматыда 7 сәуірден бастап жасыл желектерді биологиялық дәрілеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, іс-шара ағаштардың жағдайын жақсартуға, зиянкестерге төзімділігін арттыруға және қаладағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

Биыл дәрілеу жұмыстары шамамен 2,3 миллион жасыл желекті қамтиды. Іс-шаралар лицензиясы бар мамандандырылған мердігер ұйымдардың қатысуымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Дәрілеу науқаны төрт кезең бойынша жүргізіледі:

  • 7 сәуір – 30 мамыр аралығы – бірінші кезең;
  • 1 маусым – 30 маусым – екінші кезең;
  • 5 шілде – 5 тамыз – үшінші кезең;
  • 15 тамыз – 20 қыркүйек – төртінші кезең.

Мамандардың айтуынша, жұмыстар негізінен түнгі уақытта өтеді. Бұл күн сәулесінің тікелей әсерін болдырмай, қолданылатын препараттардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар басқарма өкілдері дәрілеу кезінде пайдаланылатын биологиялық және қажет болған жағдайда химиялық препараттардың сертификатталғанын, қаупі төмен екенін және адамдарға, құстар мен жануарларға қауіпсіз екенін атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да