Атыраудағы қоқыс полигонынан өрт шықты

Не болды?

7 сәуір сағат 07:30-да Атыраудағы қоқыс полигонынан өрт шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Атырау облысы өңірлік байланыс қызметінің мәліметіне қарағанда, 35 гектар аумақты алып жатқан қоқыс палигонының 2,5 шаршы метрі өртенді. Аймаққа өрт сөндіруші 65 адам, 35 техника жөнелген. Қазір 400 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді.

Контекст

Естеріңізге салайық, наурыз айында Семейдегі «Арман» сауда-ойын-сауық орталығында ірі өрт шыққан еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да