Семейдегі «Арман» сауда-ойын-сауық орталығында ірі өрт болды. Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың ашық жалынға оранғанын анықтаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Шугаев көшесінде орналасқан нысандағы өрт қарқынды сипат алған. Соның салдарынан ғимарат шатырының бір бөлігі опырылып құлаған.
Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, адамдар өз бетімен эвакуацияланған. Дегенмен, өртті сөндіру жұмыстары жанғыш материалдардың көптігі мен қою түтінге байланысты күрделі жағдайда жүргізілген.
Нысан периметрі бойынша су беру оқпандары орналастырылып, биіктік техникасы тартылған. Су үздіксіз жеткізілген. Өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі дабыл бойынша жұмыс істеген.
«112» қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өрт толық сөндірілді.
