Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі қамауға алынды

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апатына күдікті деп танылған Zeekr жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған Zeekr автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына этапталды. Осыған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және соттың санкциясымен қамауға алынған. Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді, – делінген қалалық ПД хабарламасында.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жол апаты болды. Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да