Египет астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогінің 4-кезеңі жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстан олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда күміс және қола медаль жеңіп алды. Ал алтын жүлде Армения спортшысы Гамлет Манукянға бұйырды.
- Гамлет Манукян (Армения) – 14.800
- Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.566
- Нариман Құрбанов (Қазақстан) – 14.566
Дүйсенбі, 6 сәуір күні спортшылар финалда жүлде үшін күресті жалғастырады. Алтынхан Темірбек пен Асан Сәлімов тіреп секіруде өнер көрсетсе, Ілияс Әзізов кермедегі жаттығуда сынға түседі.
Айта кетейік, Каирдегі әлем кубогі кезеңіне 30 елден 70 спортшы қатысып жатыр.
