Сәуір айында кейбір пойыз билетіне 25% жеңілдік беріледі

Не болды?

«Қазақстан темір жолы» компаниясы 1–30 сәуір аралығында сұраныс көп үш бағыт билетіне 25% жеңілдік жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

ҚТЖ ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыз билетіне беріледі.

Қандай бағыттар?

Жолаушыларға мына бағыттар бойынша 25% жеңілдік ұсынылады:

  • №105/106 «Петропавл – Алматы»;
  • №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
  • №65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша «турист» (2Д, купе) вагондарына 25% қосымша жеңілдік енгізіледі.

Кейінгі «Астана – Қызылорда» бағытындағы жеңілдік пойыз жөнелгенге дейін 45 күннен 15 күнге дейінгі аралықта сатып алған билетке беріледі.

Жеңілдігі бар билетті Bilet.railways.kz ресми сайтынан, теміржол вокзалдарындағы билет кассасынан сатып алуға болады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда пойыз қозғалысы Starlink арқылы реттеледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да