Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Павлодардағы кәсіпорында әйел төбеден құлап кетті

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

30 наурыз күні түнде Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшы әйел 15 метр төбеден құлап, түрлі жарақат алған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Рavlodarnews өңірлік басылымның ақпаратына қарағанда, жұмысшы Павлодар қаласындағы № 1 ауруханаға жеткізілген.

Оның аяғы, қабырғасы және жамбас сүйегі сынған, миына зақым келген. Науқасқа уақытша бекітпе орнату бойынша ота жасалған. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккен — 1979 жылы туған кран машинисі. Оқиғаның мән-жайы, себебі тексеруден кейін белгілі болады, — деді мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті өңірлік департаментінің басшысы Асқар Қапанов.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Ол есін біледі, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.