Қазақстанда алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тіркеліп жатыр. Олар жалған бөтен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге хабарласады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ІІМ мәліметінше, қаскүнемдер өздерін түрлі компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілін қолдана бастаған.

Алаяқтар жалған аккаунттар мен бөтен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон немесе мессенджерлер арқылы хабарласады. Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қаупі бар екенін айтып, жағдайды әдейі күрделендіріп, жедел әрекет етуді талап етеді. Сонымен бірге «мамандар» немесе «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» байланысқа шығатынын айтып, олардың нұсқауларын сөзсіз орындауға көндіреді. Нәтижесінде азаматтар өз ақшаларын шешіп алып, оны «қауіпсіз шоттарға» аударып жібереді. Қаражат қолға түскен соң, алаяқтар байланысын үзеді, — делінген хабарламада.

ІІМ дерегінше, күдіктілер нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты заманауи технологияларды да белсенді қолданады. Министрлік өкілдері банктер мен мемлекеттік органдар қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертті.

Азаматтарға бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамау, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру және күмәнді жағдайларда бірден құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да