Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

15 жастағы Кәрім Меңдіханов «Барселонадағы» алғашқы қазақ футболшы болады

Фото: Іnstagram/ theaacademybcn

Не болды?

15 жастағы Кәрім Меңдіханов «Барселона» тарихындағы алғашқы қазақ футболшы болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Mundo Deportivo басылымының апаратына қарағанда, жас футболшы Кәрім Меңдіханов Испанияда 2022 жылдан бері шынығып жүр.

Қазіргі маусымда Испанияның «Сант-Кугат» клубында ойнап  жүр. Ал «Барселона» клубына келесі маусымда қосылады.

Ол кейінгі жылдары өзін мықты қырынан көрсетіп жүр. Футболшыға Испанияның ұлттық құрамасында ойнау туралы ұсыныс түскен. Алайда ол «Барселонада» қалуды жөн көрген.

Басылымның жазуына қарағанда, Қазақстан ұлттық құрамасы жас футболшыға әлі де қызығушылық танытпаған.

Контекст

Естеріңізге салайық, 31 наурызда FIFA Series 2026 турнирі аясында «Қазақстан» ұлттық құрамасы қарсыласы «Комор аралдарын» 1:0 есебімен жеңді.