Оқушыларды 1-класқа қабылдау мерзімі 27 мамырға ауысты

Оқушыларды 1-класқа қабылдау науқанының басталу мерзімі 1 сәуірден 27 мамырға ауыстырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мәліметінше, өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.

Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз, — деді министр.