БҚО-да дрон құлады: полиция тексеру жүргізіп жатыр

Не болды?

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында қашықтықтан басқарылатын ұшу құрылғысы табылған. Полиция департаменті ақпаратты растады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«АқЖайық» басылымының ақпаратына қарағанда, құрылғыны ауылдық, елді мекеннен тыс жерде тапқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, тексеру жүргізген.

Бұл — осы аймақта болған бірінші жағдай емес. 2025 жылғы наурыз айында БҚО Жәнібек ауданында белгісіз ұшатын құрылғының бөліктері табылды. Сол жылғы қазан айында облыстың Бөрлі ауданында дронға ұқсас қоқыстар табылды. Осы фактілер бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта соңғы дрон құлаған жерде мамандар жұмыс істейді. Ұшу аппаратының түрі мен кімге тиесілі екенін анықтау үшін сараптама жүргізеді. Жағдай аймақтық полиция департаментінің бақылауында, — делінген хабарламада.