FIFA Series: «Қазақстан» «Намибияны» 2:0 есебімен жеңді

Не болды?

25 наурыз күні FIFA Series 2026 турнирі аясында Қазақстан мен Намибия «Астана Аренада» кездесті. «Қазақстан» ұлттық құрамасы «Намибияны» 2:0 есебімен жеңді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Qazsport ақпаратына қарағанда, ойынның 12-минутында Ян Вороговский, 79-минутында Әлібек Қасым соққан голдардың арқасында Қазақстан спортшылары жеңіске жетті.

Қазір футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері — Талғат Байсуфинов.

Алаңға шыққан Қазақстан ойыншылары: Темірлан Анарбеков,  Александр Мрынский, Әлібек Қасым, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Исламбек Қуат, Рамазан  Оразов, Ислам Чесноков, Максим Самородов, Ғалымжан Кенжебек, Иван Свиридов.

Контекст

Естеріңізіге салайық, футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да