Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жаңа талап: енді қандастар жұмысқа орналасуға міндетті болады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақстанда қоныс аударушылар мен қандастар үшін жаңа талап енгізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оларды көшіп барған өңірде міндетті түрде жұмысқа орналастыруды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, жаңа талаптың мақсаты – азаматтардың жаңа өңірлерде тұрақтап қалуын арттыру.

Тәжірибе бойынша, қандастардың бір бөлігі барған жерінде ресми жұмысқа тұрмайды. Соның салдарынан олар өңірде тұрақтамай, басқа облыстарға қайта көшіп кетеді. Бұл жағдай жергілікті бюджетке қосымша салмақ түсіреді. Осыған байланысты құжатта қоныс аударушылардың міндетті түрде жұмысқа орналасуы және оны әлеуметтік аударымдар арқылы растауы қарастырылған. Яғни енді жаңа өңірге қоныс аударған азаматтар ресми түрде жұмыс істеп, әлеуметтік төлемдер жүргізу арқылы өз мәртебесін дәлелдеуге тиіс болады, — делінген хабарламада.

Аталған бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.