Қазақстанда референдум басталды

Не болды?

Бүгін Қазақстанда жаңа конституция жобысына арналған республикалық референдум басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Орталық референдум комиссиясы таратқан ақпаратқа қарағанда, елдің барлық өңірінде, шетелдегі ҚР дипломатиялық өкілдіктерінде дауыс беру учаскелері ашылды. Азаматтар конституциялық реформаны қолдай ма, әлде қолдамай ма деген сұраққа жауап береді.

Ата заңның қорытынды жобасы 12 ақпанда жарияланды. Азаматтар референдумда берілген бюллетеньде «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұраққа жауап береді. «Иә, қабылдаймын» немесе «Жоқ, қабылдамаймын».

Бюллетеньді екі тілде толтыруға болады – қазақ және орыс тілдерінде.

Қанша дауыс беру бөлімшесі бар?

Дауыс беру учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар 10 402 учаскеде дауыс бере алады. 54 елдегі Қазақстан Республикасының шетелдердегі өкілдіктері жанынан 71 учаске жұмыс істейді.

Комиссия мәліметіне қарағанда, елімізде 12 461 796 дауыс беруші тіркелген. Заң бойынша, осы саннан 1% артық бюллетень әзірленеді. Демек, 12 586 414 бюллетень болады. Алайда жыртып не бүлдіріп алса, азаматтарға жаңа бюллетень берілмейді.

Егер азамат ешқайда тіркелмеген болса, мұның да шешімі қарастырылған. Ел бойынша 220 учаскеге 1 тәулікке тіркелуге болады. Мұндай жағдайда азамат тізімге енгізіледі, дауыс беру үшін оған бюллетень беріледі.