Қала тұрғындары дауыс беріп жатыр: Алматының сайлау учаскелерінде кезектер пайда болды

Алматыда республикалық референдумда дауыс беруде тұрғындардың белсенділігі жоғары екені байқалады. Таңертеңнен бері қаланың көптеген сайлау учаскелерінде дауыс беруге ниет білдірушілердің кезегі тұр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар учаскелерге ашыла сала келе бастаған. Учаскелер орналасқан мектеп, колледж және басқа да ғимараттарға кіреберісте кезектер пайда болды.

Адамдардың көп болуына қарамастан, дауыс беру үдерісі тыныш және ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Көптеген азаматтар отбасымен, достарымен және әріптестерімен келген. Кейбіреулер демалысты туған-туыстарымен өткізу үшін  дауыс беруге таңертең келгенін айтқан.

Сайлау комиссиясы мүшелері сайлаушылар ағыны тұрақты екенін, ал учаскелер барлық ниет білдірушілерді қабылдауды жалғастыратынын айтты. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін бірнеше тіркеу үстелдерінің жұмысы істеп тұр.

Кезекте тұрған Алматы тұрғындары дауыс беру — азаматтық борыш және өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі деп санайтынын айтып жатыр. Сайлау учаскелерiнде дауыс беру күн бойы жалғасады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да