Не болды?
Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, Қазақстанға 10 275 ҚР азаматы қайтарылған.
ҚР өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірге әрекет етіп, отандастармен тұрақты байланыста болып, азаматтарымызға қажетті көмек берді, — дейді баспасөз қызметі.
Контекст
Естеріңізге салайық, Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақ эвакуацияланды.
Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан 1100-ден астам бала зардап шекті.
