Алматыдағы Ықылас музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті

2026 жылғы наурыз айынан бастап Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі келушілер үшін жаңа жұмыс кестесін енгізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Дүйсенбі – санитарлық күн.

Жаңартылған жұмыс кестесі қала тұрғындары мен қонақтарына музейге кешкі уақытта және өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта келуге мүмкіндік береді. Музей 1981 жылы құрылған. Музей қорында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетін танытатын бірегей жәдігерлер сақталған. Қазіргі уақытта музейде тоғыз экспозициялық зал жұмыс істейді. Экспозицияда желбуаз, адырна, тұяқтас сияқты сирек кездесетін қазақ музыкалық аспаптары, сонымен қатар кең таралған домбыра, қобыз, сыбызғы көрсетілген, — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да