Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Павлодарда мал іздеуге шыққан ер адам үсік шалып, қаза болды

Фото: Рolisia.kz
Павлодар облысы Майқайың ауданында ер адам үсік шалып, қаза болды. Қайғылы оқиға 10 наурызда болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адам мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған.

11 наурыз күні таңертең Баянауыл ауданы Майкөбе ауылынан 10 шақырым жерде фермадан екі шақырым жерде ер адамның мәйіті табылды. Ол 10 наурызда сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шыққан, — делінген хабарламада.

Ер адам 46 жаста болған. Ол «Алтын» шаруа қожалығында жұмыс істеген.