Таяу Шығыстан 4700-ден астам Қазақстан азаматы елге оралды

Таяу Шығыстан 4700-ден астам Қазақстан азаматы елге оралды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлап отыр.

Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 4700-ден астам Қазақстан азаматы елге оралды, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ пен Израиль Иранға әуе соққысын жасап, Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи өлтірілгеннен кейін Таяу Шығыстағы жағдай ушыққан. Иран Таяу Шығыстағы бірнеше елге соққы берген.