Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыстағы 15 елге бармау ұсынылды

Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыстағы 15 елге бармау ұсынылды. Тізімді сыртқы істер министрлігі жариялап отыр.

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан азматтарына бірқатар елге барудан бас тартуға шақырды. Ол елдер:

  • Бахрейн;
  • Мысыр;
  • Израиль;
  • Йемен;
  • Иордания;
  • Ирак;
  • Иран;
  • Қатар;
  • Сауд Арабиясы;
  • Кувейт;
  • Ливан;
  • БАӘ;
  • Оман;
  • Сирия.

Бұдан бөлек, министрлік Таяу Шығыста жүрген Қазақстан азаматтарына қайырылып, жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға және жергілікті билік органдарының нұсқауын орындауға шақырған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да