Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды. Қазақстан президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан Иранға соққы жасамаған және өз аймағынан соққы жасатпаған көрші елдерге соққы жасамайтынын мәлімдеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да