Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау мерзімін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Өтінім қабылдау 10 наурызда басталып, 31 наурызға дейін жалғасады. Банк азаматтарға құжаттарын алдын ала дайындап, мүмкіндіктерін есептеп, 10 наурызды жеке старт күні ретінде белгілеуге кеңес береді.
Бағдарлама шарттары
-
Кейінгі бес жылда өз атында баспанасы болмаған азаматтар қатыса алады.
-
Үміткердің ресми табысы болуы, кейінгі алты айдағы зейнетақы жарнасы және Отбасы банк-те кемінде 2 миллион теңге жинағы болуы қажет.
-
Әлеуметтік санаттағы азаматтарға несие мөлшерлемесі – 7%, қалған қатысушылар үшін – 9%.
-
Бастапқы жарна: таза әрлеудегі үйге – 10%, қарапайым күйдегі пәтерге – 20%.
-
Несие сомасы: Алматы мен Астана қалаларында – 36 миллион теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 30 миллион теңгеге дейін.
-
Несие мерзімі – 19 жылға дейін.
Бағдарлама тұрғын үй алу мүмкіндігін кеңейтіп, қолжетімдікті арттыруға бағытталған.
