Не болды?
Былтыр Қазақстанға 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігі әлемнің 45 елінен жетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылы Қазақстан 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған. Қаражат көлемі — 77,6 млн доллар. 2024 жылы импорт бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.
Елімізге гүл әкелетін негізгі ел — Эквадор. Жалпы импортталған гүлдің 4 586 тоннасы (41,9%-ы) осы елден келген.
Бұдан бөлек Қазақстанға гүл әкелетін елдер мынадай:
• Қытай – 2 678 тонна;
• Нидерланд – 1 702 тонна;
• Колумбия – 778 тонна;
• Кения – 739 тонна.
Былтыр елімізге әлемнің 45 елінен гүл жеткізілді. Ең көбі 6 219 тонна раушан гүлі импортталған.
Контекст
Естеріңізге салайық, бөлме өсімдігі мен гүл күтімі жайлы гүл маманының сұхбаты жарияланған еді.
