Астананың коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен түні жүк көліктері 2 771 рейс жасап, қар полигондарына 45 633 текше метр қар шығарды.
Тазалау жұмыстары
-
4 наурыз күні таңертең қалада 1 650 бірлік техника мен 2 998 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
-
Бірінші кезекте негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік жолдары күреледі.
-
Кейін орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер, аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыс жүргізіледі.
Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына барлығы 6 514 447 текше метр қар шығарылып, 434 602 рейс жасалған.
Қауіпсіздік шаралары
Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар және жаяу жүргіншілер аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.
