Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматыда 1 наурыз күні Төле би көшесінің бойында орналасқан «Астана» алаңы жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында 1 наурызда сағат 10:00–ден 13:00–ге дейін «Астана» алаңында өрт сөндіру, құтқару және басқа да арнайы құрал-жабдықтардың көрмесін өтеді.

Алматы тұрғындары қаланың авариялық-құтқару күштерінің мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алады, — делінген хабарламада.

Алаңда далалық госпиталь құрылып, медицина қызметкерлері манекендер арқылы ашық дене жарақаттары бойынша мастер-класс өткізеді. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары үй бөлмесіне ұқсайтын жер сілкіністерінің симуляторы арқылы жасанды жер дүмпулерін сезіне алады.

Демонстрациялық көрме азаматтық қорғау және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады, сонымен қатар қала тұрғындарын құтқару қызметтері мен құралымдардың мүмкіндіктерімен таныстыру үшін өткізіледі, — деп нақтылады департаменттен.