Басты бет / Жаңалықтар /
Аборт жасанды түсік жүктілік
Фото: Likar.info

Ақтөбеде оқушы қыз жүкті болып қалған: қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы мектептердің бірінде жоғары класс оқушысының жүктілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазіргі таңда зардап шеккен жасөспірімнің құқығы қорғалып жатыр.

Оқиға Темір ауданында болған. Алғашында мектеп директоры мұндай жағдайды жоққа шығарғанымен, облыстық полиция департаменті ақпаратты ресми түрде растады.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысын полиция департаменті басшылығы қатаң бақылауға алды.

Өңірлік білім басқармасы оқушы қыздың жағдайына қатысты пікір айтты. Белгілі болғандай, жасөспірім бұған дейін сабағын жақсы оқыған.

Қазіргі уақытта оқушы қыз мектепке бармайды. Оның заңды мүдделері толық қорғалуда, мамандар бұл іспен айналысып жатыр, — деді басқарма өкілдері.

Мамандар бұл оқиғаның мән-жайын анықтау барысында жәбірленушінің психологиялық жағдайына баса назар аударылатынын айтты.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram