Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматы жұрты олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты қарсы алды

Фото: t.me/tv24kz_kaz
Италияда өткен қысқы олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Алматыға ұшып келді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы жұрты спортшыны қала әуежайында ыстық ықыласпен күтіп алды. Түнгі уақытқа қарамастан әуе айлағының халықаралық терминалында Михаил Шайдоровты күткен жұрттың қарасы қалың болды. Чемпионды қарсы алуға қала әкімдігінің өкілдері, оның туған-туыстары мен жанкүйерлері арнайы келді.

Михаил Шайдоров туған қаласының тұрғындарына алғыс айтып, олардың қолдауын ерекше сезінгенін атап өтті.

Салтанатты рәсім барысында танымал суретші Әсел Сабыржанқызы Михаил Шайдоровқа кілемге салынған портретін сыйға тартты.

Еске салайық, Италияның Милан және Кортина қалаларында өткен XXV қысқы олимпиада ойындарының ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада 92.94 ұпай, еркін бағдарламада 198.64 ұпай — жалпы 291.58 ұпаймен жинап, алтын жүлдені жеңіп алды.