Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Сербия президенті Александр Вучичті қарсы алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.
Қазіргі уақытта саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.
