2025 жылы Қазақстанда өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісі 665,2 мың тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 7,1% өсті. Бұл кейінгі онжылдықтағы ең жоғары өсімдердің бірі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Energyprom.kz мәліметінше, бұған дейін ұқсас көрсеткіштер 2018 (7,2%) және 2020 (7,5%) жылдары тіркелген. Өндіріс көлемі қатарынан үшінші жыл өсіп келеді.
Баға тенденциялары
2026 жылғы қаңтарда сүт бағасы бір айда 0,4% өсіп, жылдық мәнде 9,2% өсті. Баға өсімі майлылық деңгейіне қарай:
-
2,2–2,5% майлылықтағы сүт – 8,9%
-
3,2–4,5% майлылықтағы сүт – 9,4%
-
6%-дан жоғары майлылық – 9,3%
Кейінгі жылдары баға өсімі баяулаған. Мысалы, 2023 жылы сүт бағасы 32,9% артса, 2024 жылы 14,4%, 2025 жылы 6,9% болған.
Өңірлердегі баға айырмашылығы
Ең қымбат 2,2–2,5% сүт Қызылорда (880 теңге) және Атырау (858 теңге) қалаларында, ал ең арзан – Талдықорған (381 теңге), Көкшетау (417 теңге) және Павлодар (415 теңге).
3,2–4,5% майлылықтағы сүттің ең қымбаты – Атырау (871 теңге) және Ақтау (816 теңге), ал ең төменгі баға – Оралда (437 теңге), бұл Атыраумен салыстырғанда екі есе арзан.
