Гимнасшы Нариман Құрбанов Әлем кубогында қола медаль алды

Не болды?

Гимнасшы Нариман Құрбанов Әлем кубогында қола медаль алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы, гимнасшы Нариман Құрбанов Әлем кубогында ат снарядындағы жаттығу финалында 14.933 ұпай жинап, қола медаль алды. Бұл — Германияның Котбус қаласында өткен 2026 жылдың алғашқы Әлем кубогы.

Тұтқалы ат снарядынан жүлдегерлер:

1. Габриэле Таргетта (Италия) 15.000

2. Мамикон Хачатрян (Армения) 14.966

3. Нариман Курбанов (Қазақстан) 14.933.

Контекс

Естеріңізге салайық, 2024 жылы Париж олимпиадасында Нариман Құрбанов күміс жүлде алған. Бұл Қазақстанның гимнастикадан олимпиада ойындарында алған алғашқы медалі еді.