Су үнемдеу үшін. Биыл Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды

Не болды?

2026 жылы Қызылорда облысында су үнемдеу үшін күріш алқабы қысқарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, биыл жалпы 185,8 мың гектар жерге әртүрлі дәнді-дақыл егу жоспарланып отыр. Оның 70 мың гектарына күріш егіледі. Бұл 2025 жылғы деңгейден 10,9 мың гектар аз. Кейінгі төрт жылда су үнемдеу үшін күріш алқабы 19 мың гектар (21%) қысқарды.

Қысқарған күріш алқабына енді не егіледі?

Жүгеріні терең өндеуге бағытталған «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» іске қосылады. Жоба құны – 40 млрд теңге.

Оған қоса Швейцарияның «Харвест Груп» компаниясы техникалық қарасора, жүгері, соя өсіруді жоспарлап отыр. Инвестиция құны – 51 млрд теңге.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа күріш сортын шығарған еді.