Басты бет Мақалада Күріш

Ілмек: Күріш

Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы атап өтілді

Бұл туралы Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онлайн конференцияға, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шиелі ауданының құрметті азаматы П.Архабаев, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері және Zoom платформасы арқылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Су ресурстары және мелиорация кафедрасының профессоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Р.Алексей, Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда университетінің Су шаруашылығы және жерге орналастыру кафедрасының доценті С.Өмірзақов, Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда университетінің аға оқытушысы, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы И.Таутенов қатысты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің институтының ғалымдары қатысты.

Конференцияда аудан әкімі Н.Мақұлбеков биыл қазақ елі үшін ерекше тарихи жыл екенін, Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығымен бірге Ыбырай Жақаевтың мерейтойы қатар келіп отырғанын айтты.

Әлемге Сыр күрішін әйгілеген Ыбырай Жақаев бабамыз – өз бақытын еңбектен тапқан, еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған кемеңгер диқан, ақ күріштің атасы, Дала академигі. Диқаншылық еңбекті Сыр суын кәдеге жаратып, дарияны ырыс арнасына айналдыру мақсатында жүргізілген канал қазу жұмыстарына қатысудан бастады. Жерге деген сүйіспеншілігін қиындыққа қаймықпай, табандылық пен мұқалмас жігерлікпен,еңбек етумен танытты. Тәжірибенің де, таланттың да атасы – еңбек. Бұл – Ыбырай атамыздың ұстанған философиясы еді. Соғыс майданында қаза болған тұңғыш ұлының кегін алудың көзі- астықтан мол өнім алумен қайтаруды алдына міндет етіп қойды. Фашистерді жеңген Ұлы Жеңіс -диқанның еңбекте де зор табысқа ие болған жылы еді. Әр гектардан 156 центнерден өнім алып, елімізде ешкім, еш уақытта алып көрмеген ғажап жетістікке жетті. Ал 1949 жылы қарауындағы 5 гектар күріштің әр гектарынан 171 центнерден дән жинап, дүниежүзілік рекорд жасады, – деді аудан әкімі.

Конференция соңында, аудан басшысы Н.Мақұлбеков Сыр елінен түлеп ұшқан тұлғаларымыздың есімі ел есінде мәңгі сақталатынын айтты.

Ауыл шаруашылығы

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісі әртараптандырылып жатыр

Су тапшылығына байланысты жыл сайынғы проблемалар суды қажет ететін дақылдардың егісін азайту қажеттілігін туындатады.
Астық

Сырдария ауданында 134 мың тоннадан астам күріш қамбаға құйылды

Сырдария ауданында биылғы жиын-терім қысқа мерзімде табысты аяқталды. 
Күріш

Қызылордада күріш өніміне төленетін субсидия мәселесі шешілді

Былтыр облыстың бірқатар шаруашылықтары "Басым дақылдарды субсидиялау" бағдарламасына бөлінген қаражаттың толық игерілуіне байланысты субсидия ала алмай қалған.

Қызылорда облысы күрішіне шетелден сұраныс көп 

Қызылорда облысы күріші Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркменстан, Моңғолия, Ауғанстан, Украина, Тәжікстан және ТМД-ның басқа да елдеріне экспортталады.
Гүлшара Әбдіқалықова, күріш егу

Қызылорда облысында жаппай күріш егу науқаны басталды

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария ауданында ұйымдастырылған "Дала күні" шарасына қатысты.
кірпіш нан

Бөлшек сауда орындары нанды қандай бағамен сатуы керек?

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы бекітілді. Бағаны өсіргендерді Dosmart.kz платформасы бақылайды.
Күріш

Қызылордада ирандық күріш егіледі

Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылындағы «Ақтөбе және К» ЖШС биыл 500 гектарға ирандық «Торем Хошеми» сұрпын егуді жоспарлап отыр.